Өскеменде алғаш рет құрылысшылар арасында жарыс өтті


ЖАҢАЛЫҚТАР 8-08-2024, 10:35 0

Шара жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Құрылысшылар күніне ұйымдастырылды.

7 тамызда драма театрдың жанындағы алаңға байқауға қатысушылар жиналды. Жарысқа ШҚО мен басқа да облыстардың құрылыс компанияларының өкілдері жиналды.

«Барлығы он ұйым қатысты. Осындай жарыстарды жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ облыс әкімі орынбасарының грамоталары табысталады», - дейді ШҚО Мемлекеттік сақтандыру компаниясының өкілі Назгүл Нұрланова. 

Айта кетейік, қатысушыларды іріктеу кезеңі жүргізілген жоқ. Байқау еркін түрде өткізілді.

Құрылысшылар «Үздік кірпіш қалаушы», «Үздік экскаваторшы», «Үздік жүк тиегіш машинисі» атақтарын сарапқа салды.

«Үздік кірпіш қалаушы» атағына үміткерлер кірпіш қабырғаны жылдамдықпен тұрғызды.

Артынша жарысты экскаваторлар мен жүк тиеуші машинистер жалғастырды. Олар ауыр техниканы пайдаланып шеге соғып, сонымен қатар өздерінің экстремалды жүргізу дағдыларын көрсетті.

Байқауға қатысушылардың айтуынша, ауыр техникамен «зергерлік жұмысты» орындау қиынға соқпады.

«Біздің мамандық өкілдеріне көңіл бөлінгеніне өте қуаныштымын. Менің ойымша, мұндай шараны жыл сайын өткізген жөн», - дейді «AN GROUPS» ЖШС қызметкері Александр Костров.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив