Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 38 жастағы азаматты әуежайда ұстады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Оны Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Өскемен әуежайында ұстаған. Ол жалпы сомасы шамамен 5 миллион теңгені құрайтын алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген.
– Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті біреудің қаражатын сеніміне кіре отырып оған қиянат жасаумен иемденгені үшін іздестірілген. Осы жылдар ішінде ол әділ соттан жалтарып, тұрғылықты жерін жиі ауыстырып отырған және қоғамдық орындардан әдейі бой тасалап жүрген, –делінген ШҚО ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.