Робототехника. Қазақстан командасы АҚШ-та өткен әлемдік жарыста жеңіске жетті

ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА Кеше, 22:33 0

 16-19 сәуірде АҚШ-та өткен “FLL Challenge 2025“ робототехникадан әлем чемпионатында біздің команда 2 ші орын алды.

Астана қаласының  “SKILLSET” командасы “Champions Awards Finalist” сыйлығын жеңіп алды. Жарысқа әлемнің 110 елінен 1058 командасы қатысқанын айта кетейік.

Мұндай жеңіске қазақстандық робототехниктер  алғаш рет қол жеткізіп отыр. “SKILLSET” командасы ең беделді марапаттың иегерлері атанды!

Команда құрамында 10 сынып оқушылары: Сабыржан Абылай,Қажымұрат Айшайым, Үсен Таир, Ораз Аслан, Төлеуов Ахан, Иманали Бахтияр, Бектұрғанов Марсель, Әбілғазин Адия сынды мықтылар бар.

Жаттықтырушылары: Смайылов Руслан, Рахметов Нұрболат.

Бұл жеңіс - еліміздн халықаралық аренада жеңіске жетуге қабілетті жаңа буын өсіп келе жатқандығының дәлелі!

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив