Мемлекет басшысы ойын бизнесі мәселелері туралы заңға қол қойды


ЖАҢАЛЫҚТАР 8-07-2024, 12:30 0

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Заң арқылы халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші және ынталандырушы нормалар енгізіледі. Атап айтқанда, құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді. Енді олардың қатарына Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған тұлғалар (атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер банкі) қосылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу арқылы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына шектеу қойылады.

Бұдан былай мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайды. Бұл шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару шарасы қарастырылған. Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін реттеу тетіктері күшейтілді. Туризм және спорт министрлігі ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің, тотализатордың, ставкаларды қабылдау және құмар ойындардың/бәс тігудің бірыңғай ережелерін бекітеді.

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеу қойылды. Атап айтқанда, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды сыртқы (көрнекі) жарнамасына, сондай-ақ олардың қызметін көлік құралдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кино -, видео-және анықтамалық қызмет көрсету орындарында жарнамалауға тыйым салынады. Тек букмекерлік кеңсе немесе тотализатор орналасқан жердегі сыртқы жарнамаға; спорт ғимараттарының ішінде және спортшылардың киімінде; спорттық тақырыпқа маманданған және ресми тіркелген БАҚ-та, сондай-ақ отандық телеарналар халықаралық спорттық жарыстарды тікелей трансляция жасаған кезде жарнамалауға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар лотерея қызметін реттеу тетіктері жаңартылды. Нақтырақ айтқанда, тұрғын үйлерде, жатақханаларда, ғибадат үйлерінде, мәдениет ұйымдарының ғимараттары мен құрылыстарында, әлеуметтік объектілерде (білім беру, денсаулық сақтау), сондай-ақ олардан жүз метр қашықтықтағы радиуста лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынады. Өскелең ұрпақтың денсаулығын энергетикалық сусындардың зиянды салдарынан қорғау үшін мұндай сусындарды 21 жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар-лудомания дейді. Ал, еліміздегі желкілдеген жеткіншектеріміздің бұл дертке шалдығуының себебі не? Лудомания ойыны – жастармен ересектер арасындағы құмар ойындарға тәуелділік мәселелесі - қазіргі таңда өзекті болып отыр.

Лудомания - ессіздік, ойынға құмарлық. Еліміздің түкпір - түкпірінде толып тұрған букмекерлік кеңселердің іші толған жастар. Ойынға құмар жастар қолдарындағы соңғы ақшасын тігіп, үлкен қаражат көтерем деп сенеді. Алайда, ұтылып қалған соң, еңселері түсіп, өзін қоғамнан алшақтатып жібереді. Алғаш қызығушылықпен бәс тігіп, кейін ойынға тәуелді болып қалғандар қаншама? Құмар ойынға бейімделу кезеңінің бірі – жалындаған жастық шақ.

Адамның қызығушылығын арттырып, құмарлыққа тез үйрететеінде осы кез. Санаңды улап, құмар ойынға үйір қылып жіберетіні де сөзсіз. Ондай адамдар дер кезінде өз-өзін тоқтатпаса, біртіндеп бүкіл дүние-мүлкін, көлігін, тіпті басындағы баспанасын сатып, ақшасын құмар ойындарға салып жібереді. Таныстарынан, ағайындарынан қарызға ақша алып, оны қайтара алмай жүргендер қаншама?!

Одан әрі ұрлыққа баратындарда бар. Ең соңында тақырға отырып, кейбіреулері қылмыс жасап, түрмеге отырады, ал кейбіреулері «мен осындай жағдайға қалай ғана түстім, қайтіп құтылсам екен?»-деп бұл тығырықтан шығуға жол іздейтіндерде бар.

Лудомания адам өмірінде басым роль ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін ойын құмарлығы.

Лудомандар - құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Қазіргі кезде казино, түрлі ақшалай ойын автоматтарының таралуына байланысты құмар ойындар мәселесі өзекті мәселеге айналып тұр. Қоғамда оларға ешқандай шара қолдана алмайды. Себебі құмар ойындардың көбісі заң жүзінде рәсімделген. Ойынқұмарлардың көбеюі салдарынан елімізде лудомандарды емдейтін арнайы орталықтарда ашылған. Бірі білсе екінші білмейді.

Алайда, осы жолда адасқан адамдар тек ақшадан емес, өмірінен айырылады. Не себептен адамдар тәуелділікке ұшырайды?

Бірінші және ең көп таралған мәселе ол:-отбасындағы мәселе. Егерде үй ішінде тыныштық орнамаса, іштегі ызаны басып тастау үшін ойындарға көңіл бөліп уақыт өткізетін болады. 

Екінші, ол қаржылық моральды қиындықтар.

Үшінші мәселе:қанағатсыздық. Яғни өмірден түңілу, бар дүниені бағалай алмау.

Мамандардың айтуынша, лудомания дертіне шалдығу бірнеше факторға байланысты:

-биологиялық;

-психологиялық;

-әлеуметтік;

-рухани;

Лудоманды былайша аңғаруға болады:

Біріншіден, барлық бос уақытын ойынмен өткізеді. Казиноларға ставка қояды. Букмекерлік контораларда отырады.

Екіншіден, қаржыны көп жұмсайды, ставкалар қомақты ақшаны қажет етеді, соның нәтижесінде үйіндегі құнды заттарын сатады, жақындарымен таныстарынан қарызға ақша алады, тіпті одан қала бере банктерден несие алады, сөйтіп қарызға белшесінен батады екен.

Үшіншіден, көңіл күйі өзгереді. Лудоман әрқашанда ойын туралы ойлайды.

Төртіншіден, жеңілістен кейін, қайтадан ойнап, ұту идеясы пайда болады.

Егер лудоман үлкен сомадан ұтылып қалса, ол керісінше тоқтамайды, ол тезірек ақша іздей бастайды. Жалпы, лудоманияның қоғамға төндіретін қаупі орасан зор. Жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керек. Сондықтанда, сөз соңында қазақ жастарына айтарым, құмар ойындарына емес, спортты серік ететін жігерлі, жалынды азамат болыңыздар.

Лудомания дерті дендеп барады. Елдегі әрбір бесінші жас құмар ойынның құрығына ілінген. Сарапшылардың айтуынша лудомания диагнозымен 10 адам тіркелген. Қасіреті көп азарттың азабынан шыға алмай қалғандар мен өзге де психикалық аурулар туралы әріптесім тарқатсын. 

Елдегі әрбір бесінші жас құмар ойынның құрығына ілінген. Жалпы, бүгінгі таңда лудомания кәдімгідей дендеген дертке баланып отыр. Оны арнайы орталық мамандары емдеуге де кірісті.Шымкеннттегі сондай орталықтардың бірі — қалалық психикалық денсаулық орталығы. Былтыр мұнда ойынқұмарлықтан 7 адам ем алса, осы жылыдң алғашқы тоқсанының өзінде 10 адам дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Осыдан-ақ, құмар ойын мен бәс тігудің шырмауына түсіп жатқандардың қатары артып келе жатқанын аңғару қиын емес.

Қазіргі кезде казино, ақшалай ойын автоматтары таралуына байланысты құмар ойындар мәселесі өзекті мәселеге айналып тұр. Қоғам да  оларға ешқандай шара қолданыла алмайды, себебі азарттық ойындардың көбі заң жүзінде  рәсімделген. Қазақстанда орта есеппен 350 мың адам құмар ойынның құрбанына айналса, олардың орташа қарызы 10 млн теңгеден асады. Ал елімізде 10 жұптың 7-еуі құмар ойынның кесірінен ажырасады екен. Ұлттық статистика­бюросының мәліметіне жүгінсек, құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі 2020 жылы 89,7 млрд теңгені құраған болса, 2021 жылы 501,2 млрд теңгеге жеткен, ал 2022 жылы 600 млрд теңгеден асып түскен. Бұл сома еліміздегі бірқатар облыстың жылдық бюджетінен әлдеқайда көп. Осыған байланысты көптеген шетелдік зерттеушілер құмар ойындарды халықтың бір бөлігі үшін қауіп-қатер төндіретін түйінді әлеуметтік мәселе деп санайды.

Лудомания дерті дендеп барады. Елдегі әрбір бесінші жас құмар ойынның құрығына ілінген. Қасіреті көп азарттың азабынан шыға алмай қалғандар саны 350 мыңнан асыпты. Соңғы 3 жылда біздің азаматтар 1 трлн теңгеден астам қаражатты ойынханаларға тастап кеткен. Жас буынның санасын улаған құмар ойынға мәжілісмендер тыйым салу керек деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бәс тігемін деп құмар ойынға басымен кіріп кеткендердің бірі – елордалық мына жігіт. Жүзін көрсетпеуді өтінген азамат 15 жылын азарттың азабында өткізген. Алғашында қызық көріп барыпты. Оңай олжаға кенеліп үйренгеннен кейін, тіпті үйдегі ақшаны ұрлауға дейін барған. Күреп ақша табамын деген жеңіл ойы оны арынан да, қолдағы барынан да айырды.

– Басында айлығымды тіктім, кейін қарыз ала бастадым. Үйде ұрлық басталды. Адамдарды алдап, алаяқтықпен айналыса бастадым. Ажырастым. Осы ойынның кесірінен отбасымнан айырылдым, – деді қала тұрғыны.

Құмарлыққа құныққан жастардың көбі – бас қаладағы осы орталықта. «Көмек» атты оңалту кешеніне күніне 100-ден аса адам хабарласады. Ет-жақын бауыры, туысының құмар ойынның құлына айналып бара жатқандықтан, араша сұрайтындар саны артқан.

 

– Орталыққа 67 пайызы құмар ойынға тәуелділер келеді. Қазіргі бізде 100 шақты адам ем алып жатыр. Маңғыстау, Қарағанды, Астанадан 60-70 адам бар, – деді психолог Аманжан Әбдукәрімов. 

Елдегі әрбір бесінші жас құмар ойынның құрығына ілінген. Қоғамда қызып тұрған мәселе мәжілісмендерді де алаңдатып отыр. Құзырлы органдар шеттеу, реттеу тетіктерін әлі пысықтап келеді. Бірақ әзірге дөп шешетін, шектеу қоятын инструмент іске аспай тұр.

 

– Негізгі мақсаты – ойын, казиноның жарнамасы кез келген жерде ілінбейді. Тек арнайы жерде орналастыру керек. Негізгі ұсыныс – осы. Мүлдем шектеу қояды деу қиын, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым.

Аталған дертке ұшыраған адамның бойында әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар құлдырап, адамгершілік қасиеттері жойыла бастайды. Бұл проблеманың біздің елде де өткір тұрғаны белгілі. Соңғы үш жылда қазақстандықтар құмар ойындарға 1 трлн. теңгеден астам қаражат салған.

Соңғы уақыттарда ойын автоматтарының кең таралуына, көптеген онлайн-казинолардың, букмекерлік кеңселердің пайда болуына байланысты проблеманың ауқымы кеңейе түсті.

Жалпы, ойын автоматтары әлемде бұрыннан кең таралып, адамдардың арасында үлкен қызығушылық тудырған еді. Мәселен, 1970 жылдарда Англияда ойын автоматтары залдары кинотеатрларға келушілер санының күрт азаюына әсер еткен. Тіпті, кинотеатрларды жабу қажеттілігі туындаған. Ал 1990 жылдардың бірінші жартысында Канадада құмар ойындарға тәуелділер саны 75 %-дан асып кеткен. Осыған байланысты сол кездің зерттеушілері құмар ойындарды халықтың бір бөлігі үшін қауіп төндіретін өткір әлеуметтік мәселе деп санаған.

Кезінде белгілі кеңестік психиатр Цезарь Короленко адамның мінез-құлқындағы құмар ойындарға тәуелділікті көрсететін төмендегі бірқатар белгілерді атап өткен болатын:

* Үнемі ойынға елігу, ойында өткізетін уақыттың ұзаруы.

*Қызығушылықтардың өзгеруі, бұрын ынталандырған дүниелердің ысырылуы, әрдайым ойын туралы ойлау, ойын комбинацияларымен байланысты оқиғаларды елестету және осы ойлардың басым болуы;

* "Бақылауды жоғалту", ауқымды ұтыстан кейін немесе үнемі ұтылудан кейін де ойынды тоқтата алмау;

* Ойынға кезекті рет қатысқаннан кейін қысқа уақыт аралығында дамитын психологиялық дискомфорт. Ол бас ауруы, ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, алаңдаушылық, көңіл-күйдің түсуі, зейіннің бұзылуы секілді бірқатар белгілер бойынша есірткі/алкогольге тәуелді тұлғалардың абстиненциясына ұқсайды;

* Ойынға жиі қатысу, жоғары тәуекелдерге талпыну;

* Қарсыласу қабілетінің тез төмендеуі. Енді ойнамауға бел буғанымен, сәл арандатушылық болған жағдайда (бұрынғы таныстарын кездестіру, ойын тақырыбында әңгімелесу, ойын мекемесі жанында болу т.б.) ойынға тәуелділіктің оралуы.

АҚШ-та құмар ойынға тәуелді адамдарға алғашқы болып кәсіби көмек көрсеткендердің бірі – медицина ғылымдарының докторы Роберт Л. Кастер. 1972 жылы психиатр АҚШ-тың Вирджиния штаты Брексвилл қаласындағы ауруханада ойыншыларды емдеуге арналған алғашқы стационарлық орталық құрған.

Дәрігер құмар ойындарға патологиялық тәуелділікті – емделетін ауру деп болжаған алғашқы адам. Оның арқасында 1980 жылы америкалық психиатрлар қауымдастығы патологиялық құмар ойындарды психикалық бұзылыс ретінде жіктеді.

Роберт Л. Кастер құмар ойындарға тәуелділіктің дамуын үш кезеңнен тұрады деп анықтады:

* Ұтыс кезеңі.

* Ұтылыс кезеңі.

* Түңілу кезеңі.

Ұтыс кезеңі – бұл адамның құмар ойындарда бірнеше рет ұтысқа кенеліп, "негізсіз оптимизммен" әсерленетін уақыты. Бұл кезде ол құмар ойындарды ұната бастайды және үнемі жолы болатынына сенеді. Өзін сенімді әрі жайлы сезінеді.

Ұтылыс кезеңінде құмар ойынға тәуелділер достары мен отбасыларынан алыстай бастайды. Жалғыз өзі ойнай бастайды және ақшаны заңды немесе заңсыз жолмен табуды, қарызға алуды қарастырады. Ойынның жетегінде кетеді. Ұтылғаннан кейін ақшаны қайтарып аламын деген үмітпен ойынға тез оралғысы келеді.

Түңілу кезеңінде адам өзінің бар уақытын құмар ойындарға арнай бастайды. Уақытын босқа құртып жатқанын түсінгенімен, бұл процесті тоқтата алмайды. Бұл кезде адам өзін кінәлі сезініп, кейде өз проблемаларына басқаларды кінәлайды.

Ойынға ақша табу үшін заңсыз әрекеттерге барады. Тәуелділіктен зардап шегетін адамдар дәрменсіздікпен күресу үшін есірткі мен алкогольден жұбаныш іздейді. Психологиялық және әлеуметтік проблемаларға душар болады. Бұның соңы қылмыс жасауға немесе өз-өзіне қол жұмсауға апаруы мүмкін.

Статистикаға сүйенсек, лудоманияға шалдыққан науқастардың 60%-ы құқық бұзады. 13-тен 40%-ға дейіні өз-өзіне қол жұмсайды, 32-70%-ында суицид жайлы ой келеді.

Жалпы, лудоманияның қоғамға төндіретін қаупі орасан. Құмар ойындар мен бәс тігуге тәуелді адамдардың ішінде бар ақшаларын ұтылған соң таныс-тамырынан қарыз алып, несиеге батып, үйіндегі дүниелерін сатып, ақыры, қылмысқа баратындары аз емес.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының деректеріне сәйкес, 2022 жылы 157 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалған, оның 20 %-ы немесе 31 мыңнан астамы құмар ойындар негізінде жасалған.

Ал шарасыз күйге түскендері өз-өзіне қол жұмсауға дейін барып жатады. 2022 жылғы статистикалық деректерге сәйкес, 3 676 суицид фактісі тіркелсе, оның әрбір бесіншісін құмар ойынға әуес адам жасаған.




Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив