ШҚО делегациясы қытайда халықаралық семинарға қатысып жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 12:02 0

Шығыс Қазақстан облысының делегациясы цифрлық технологиялар саласында білім беру, туризм және IT кадрларды даярлау бойынша Қытай елінде өтіп жатқан халықаралық семинарға қатысып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қарамай қаласында цифрлық технологиялар саласында білім беру, туризм және IT бойынша кадрларды даярлау мен дамытуға бағытталған Шанхай ынтымақтастық ұйымы ұйымдастырған халықаралық семинар өтуде.

Қарамай қаласында өтіп жатқан семинар 25 сәуірге дейін жалғаспақ. Іс-шараны ұйымдастырушы — Қытай-ШЫҰ аясындағы Үлкен деректер саласындағы ынтымақтастық орталығының Синьцзяндық бөлімшесі. Семинарға қатысушылар «ШЫҰ ағашы» бастамасы аясында жүзеге асырылуда және бес күндік оқу курстарын, ШЫҰ елдері арасындағы тәжірибе алмасуды, сондай-ақ Қытайдың IT-хабтары мен Цифрлық даму индустриалдық паркімен танысып қайтпақ.

Шығыс Қазақстан облысының делегация құрамына Білім басқармасының өкілдері, жоғары оқу орындары, Өскемен, Риддер және Марқакөл ауданындағы колледждердің директор орынбасарлары, сондай-ақ креативтік сала мен бизнес қауымдастық өкілдері бар.

Семинарға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елдерінің де өкілдері қатысуда, бұл ШЫҰ елдері арасындағы ынтымақтастықтың кең ауқымын көрсетеді.

Қазақстандық делегацияның жетекшісі — «РСС групп» компаниясының директоры, Шығыс Қазақстан облысы туризм кеңесінің төрағасы Сымбат Рамазанов бұл шараның Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім мен тәжірибе алмасу және негізгі салаларға инновациялық шешімдерді енгізу жолындағы маңызын атап өтті. 

– Қытай – біздің еліміз үшін маңызды әрі сенімді серіктес. Бізді көпжылдық тығыз ынтымақтастық пен географиялық жақындық байланыстырады. Шығыс Қазақстан Қытаймен тікелей шекараласады, бұл өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше мүмкіндік береді – әсіресе білім беру, цифрландыру, технология алмасу және туризм салаларында, – деді ол ШЫҰ ұйымдастырған халықаралық оқу семинарының ашылуында сөйлеген сөзінде.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив