Тереңсай асуын айналып өтетін жол құрылысы биыл аяқталады

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 12:00 0

Шығыс Қазақстан облысында Тереңсай асуын айналып өтетін жол құрылысы биыл аяқталады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі 24.kz арнасына сілтеме жасап.

–  Қар жамылғысы кеткен күннен және күн жылынғаннан кейін толық кірісуге мүмкіндік туды. Қазір мердігерлер жер төсемін, су өткізу құбырларын салу жұмыстарын  жүргізуде, –  дейді Қуанышбек Ибраев, «ҚазАвтоЖол» ҰК ШҚО филиалының бас маманы. 

Пихтовка өзенінің үстімен өтетін көпірді салу үшін алғашқы дайнындық жұмыстары басталды. Қазаншұңқыр қазылып керекті материалдар жеткізілуде.  Ұзындығы 175, ал биіктігі 42 метр болатын бұл өткел  еліміздегі ең күрделі инфрақұрылымдардың бірі. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив