ШҚО мешіттерінде қонақасы берілмейтін болды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 11:20 0

Енді шығыс өңірінде бұрынғыдай аста-төк қонақасы беру тоқтатылатын болды. «Шығыс Қазақстан облыстық ақсақалдар Кеңесі» және Қазақстан мұмсылмандар Діни басқармасы Шығыс Қазақстан өкілдігі бірілесіп қонақасы беру жайын талқылап, қаулы шығарды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Олар жиын барысында қоғамда жиі талқыланып жүрген ас беру, қонақасы және ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелелері бойынша жұртшылықтың пікірлері мен ұсыныстарын жан-жақты талқылай келе төмендегідей қаулы шығарған:

– Шығыс Қазақстан облысының мешіттерінің қатымханаларында юақилық болған адамға қонақасы беру үзілді-кесілді тоқтатылсын;

– Облыстың мейрамханаларында, дәмханаларында, тойханаларында қонақасы беру – ысырапшылдыққа жол беру екендігі жөнінде ел арасында түсінік жұмыстарын жүргізу – аудан, қалалардың ақсақалдар кеңесң мен бас имамдарынан сұралсын;

– Бақилық болған адамның жаназасы, жетісі, қырқы, жылдығы кезінде дастарханда ҚМДБ ұсынған жеті түрлі тағамның ғана болуы – ақсақалдар мен мешіт имамдары тарапынан қадағалансын.

Міне, осылайша Шығыс Қазақстан облысының аумағында ысырапшылдыққа тыйым салынбақ.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив