ШҚО әкімінің сыйлығына байқау жарияланды


ЖАҢАЛЫҚТАР 30-05-2024, 16:14 0

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына журналистер арасында байқау жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

«Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығына өтінім беру ережесін ұсынамыз.

Жалпы ережелер

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына журналистер арасындағы байқау Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық және дамуының өзге де өзекті мәселелерін жариялайтын өңірлік және республикалық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер, 10 000-нан кем емес жазылушылары бар (достары) блогерлер/қоғамдастықтар әкімгерлері арасында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы – Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына журналистер арасындағы байқау Шығыс Қазақстан облысының дамуына және тыныс-тіршілігіне ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара болып саналады.

Байқауға қатысу үшін қатысушылар, байқауға қатысуға арналған сауалнама нысанын (Қосымша 1) толтырып, сауалнамада нақты номинациясын көрсетуі және жарияланымдарын ұсынуы қажет.

Байқауды ұйымдастыру тәртібі

Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, қоғамдық даму басқармасының веб-сайттында орналастырылады.

Барлық номинациялар бойынша байқауға қатысуға қажет материалдар қағаз немесе электронды түрде 2024 жылғы 20 маусымға дейін:

- қағаз түрінде – ШҚО, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ғимараты) 2-қабат, 237 кабинетке;

- электронды түрде «Байқауға» деген белгімен 264707@mail.ru  электронды мекенжайына немесе 87758333083 телефон нөмірінен анықтауға болады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» (ҚР Президенті Жолдауының ШҚО іске асырылу барысын жария ету);

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Адал қоғам» (өңірді дамыту мәселелері бойынша билік пен азаматтық қоғам диалогын жария ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған материалдар);

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» (облыстың индустриялық-инфрақұрылымдық дамуы жобаларының, тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысының іске асырылуын жария ету, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша жарияланымдар);

«Білімді және Дені сау ұлт» (облыстың орта/кәсіби/жоғары білім саласының дамуы туралы материалдар, денсаулық сақтау саласының қызметі, салауатты өмір салтын, спортпен шұғылдануды дәріптеу);

«Еңбек адамы» (патерналистік және масылдық көңіл-күйді азайту, қоғамда жұмысшы мамандықтарына және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған шараларды түсіндіру);

«Шырайлы Шығыс» (әлеуметтік желідегі ШҚО туралы үздік бейнематериалдар);

«Объективтегі өмір» - «Үздік мобилограф» (Әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram және TikTok) танымал топтар мен пабликтер, мобилографтарға арналған номинациялар).

«Үздік баспасөз хатшысы («қоғаммен байланыс мамандары») – Шығыс Қазақстан аумағындағы мемлекеттік мекеменің баспасөз хатшысы.

Сыйлық лауреаттарын байқау комиссиясы анықтайды (бұдан әрі – Комиссия). Қандай да бір нақты номинациялар бойынша лайықты жеңімпаздар анықталмаған жағдайда, Комиссия қаржыны басқа номинацияларға бөлуге немесе ынталандыру сыйлықтарына жұмсауға құқылы.

- Соңғы 3 жыл ішінде облыс әкімінің сыйлығына ие болған журналистердің жұмыстары қарастырылмайды.

- Өтінімдерді қабылдау аяқталған соң, материалдар қарау және бағалау үшін байқау комиссия мүшелеріне беріледі.

- Комиссия шешімі қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

- Комиссия отырысы оның мүшелерінің 2/3 бөлігі отырысқа қатысқан жағдайда ғана заңды болып табылады.

- Комиссияның шешімі хаттама арқылы рәсімделеді.

- Комиссия мүшелері облыс әкіміне грамоталар және алғыс хаттармен марапаттауға лайықты үміткерлер туралы ұсыныстар енгізеді.

- Сыйлықтарды Шығыс Қазақстан облысының әкімі немесе облыс әкімінің орынбасары табыстайды. Сыйлықтар тиісті дипломмен бірге беріледі.

Байқау материалдарын бағалау және іріктеу рәсімдері

Байқау жеңімпаздарын ұсынылған материалдар негізінде Комиссия келесі талаптар бойынша анықтайды:

- белгіленген тақырыпқа сәйкестік;

- жаңашылдық;

- көтерілген мәселелердің өзектілігі және шығармашылық талдануының тереңдігі;

- мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы;

- авторлық тұжырымдаманың дербестігі;

- жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы;

- журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі;

- материалдардың объективтілігі;

- кәсібилік және мазмұндау шеберлігі;

- мәселенің қойылуы және оның жан-жақты ашып көрсетілуі;

- жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

- сыртқы безендірілуі.

Өтінімдерді беру тәртібі

Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлердің кандидатураларын бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары ұсынады немесе өз бетімен ұсынылады.

Ұжымдық номинациялар бойынша БАҚ-тың уәкілетті органда есепке алынғандығы туралы куәлік нөмірін көрсету арқылы, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі өтінім береді.

Бір үміткер екі не одан көп номинацияға ұсынылмайды.

Конкурсқа 2024 жылғы 1 қаңтардан 20 маусымға дейінгі аралықта қазақ және/немесе орыс тілінде шыққан немесе жарияланған материалдар қабылданады.

Конкурска жіберілген материалдар келесі форматта болуы мүмкін:

- видеоматериалдар;

- мәтіндік жарияланымдар;

- фотосуреттер.

1 қосымша 

ҚАТЫСУҒА арналған өтінім

Өтінім беруші (Т.А.Ә. баспа әріптерімен толығымен)/фотосуреті*

Жұмыс орны (БАҚ атауы)

 Өтінім берушінің электронды мекен-жайы, телефоны

Қатысатын номинация атауы

Байқауға ұсынылатын материалдар  саны:

- мәтіндік мақалар - _____ бірлік;

- видеоматериалдар - _______ бірлік;

- фотосуреттер - ________ бірлік


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив