ШҚО-да синтетикалық моножіптен жасалған ауларды пайдаланған браконьерлер ұсталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 26-07-2024, 14:22 0

Полицейлер орман және аңшылық шаруашылығы жасағының инспекторларымен бірлесіп тыйым салынған синтетикалық моножіптен жасалған ауларды тәркіледі. 

Қазақстан Республикасының № 544 Заңының 32 бабы бойынша синтетикалық моножіптен жасалған ауларды пайдалануға қатаң тыйым салынған. Бірақ соған қарамастан елде заңсыз балық аулайтындардың саны азаймай тұр. Олар синтетикалық моножіптердің зиян екенін білсе де заңсыз жолмен балық аулауларын тоқтатпайды. 

Тәртіп сақшылары Бұқтырма су қоймасының Гербил, Батин төбешіктері, Притор, Құлажорға, Кабельдік, Подстанция, Қайыңды өзенінің сағасын патрульдеу кезінде 2000 метрден астам заңсыз торларды анықтады. Заңсыз жолмен ұсталған 100-ден астам балық және шаяндар босатылып, өзенге жіберілді. Тәркіленген торлар жойылды. 

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 300-ден астам браконьер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Полиция қызметкерлері азаматтарды заңсыз балық аулау және басқа да су ресурстары туралы кез келген фактілер туралы хабарлауға шақырады және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив