Бір қабатты Шығыс: Күршім ауданында 18 үй салынады

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 17:30 0

Күршім ауданы бойынша «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 2024 жылы 30 тұрғын үй сатып алынды. Бұл өз кезегінде ауданның ауылдық елді мекендерінде кезекте тұрған әлеуметтік – жағынан осал топтар санатындағы және көп балалы отбасылардың, ата – анасының қамқорынсыз қалған жетім балалардың тұрғын үй мәселесін шешуде үлкен оң нәтижесін берді. Бұл туралы Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлбеков өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

– Бұл бағдарлама биылда жалғасын тауып келеді. Биыл 18 үй салу жоспарда бар. Жұмыстар қазір басталып кетті. Жалпы аудан бойынша 200-ден астам тұрғын кезекте тұр, – деді Мейіржан Әлбеков.

2025 жылы республикалық бюджеттен көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 85 ш.м. – 5 үй, әлеуметтік – жағынан осал топтар санатындағы отбасыларға 70 ш.м. – 7 үй сатып алу жоспарланған. 

4 ауылдық елді мекенде (Алғабас - 1, Күршім -12 және Құйған – 1) тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Осы тұрғын үйлерді сатып алу ағымдағы жылдың  қазан айына дейін жоспарланған.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив