Бүгін таң сәріде Ертіс пен Үлбінің сағасына жиналған спортсүйер жастар чемпиондармен бірге таңғы жаттығу жасады. Таңғы жаттығуға Өскемен қаласындағы дзюдо спорттық клубы және қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы және «Aqtai Judo Club» спорт клубымен бірлесіп ұйымдастыруымен республика көлемінде өтіп жатқан жатқан «Чемпиондық Рух» жобасы Өскеменде жалғасын тапты.
– Шараның негізгі мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын және өмірдің түрлі қиыншылықтарына қарсы төзімділікті қалыптастыру. Жалпы тұрғындар арасында спортты, таңғы жаттығу жасауды насихаттау, – дейді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қорлан Туғанбаева
Таңғы жаттығуға халықаралық аренада еліміздің туын көтеріп жүрген мақтаныштарымыз, дзюдодан спорт шебері, дүниежүзілік ойындардың күміс жүлдегері, самбодан Қазахстан Республикасының және әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері, «Aqtai Judo Club» спорт клубының негізін қалаушы Ақтаев Руслан Талғатұлы, дзюдодан еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2000 жылғы (Сидней) Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 1999 жылғы Орталық Азия ойындарының жеңімпазы, бірнеше рет халықаралық турнирлердің жеңімпазы, level1 халықаралық деңгейдегі төреші, 6-шы дан иегері Смағұлов Айдын Құдайбергенұлы қатарлы танымал спортшылар қатысты.
– Біз үнемі айтатын «чемпион болу оңай, адам болып қиын» дейтін сөз бар. Бүгінгі таңғы жаттығудың мақсаты да сол. Салауатты өмір салтын сақтап, бірлік те, береке де өмір сүрсек ғана көптеген биіктреді бағындыра аламыз. Үлкенге құрмет, кішіге құрмет көрсете алсақ ғана жетістікке жете аламыз, – деді «Aqtai Judo Club» спорт клубының негізін қалаушы, спортшы Руслан Талғатұлы.
Таңғы жаттығудан кейін екі өзеннің түйіскен тұсында аспанға алып шар ұшырылды.
– Бүгінгі таңғы жаттығуға қатысқаныма қуаныштымын. Бұл шара бізге рух сыйлап, жеңіске деген жігер берді. Спортпен спортшылар ғана емес, барлық адам айналысқан дұрыс деп ойлаймын. Қала тұрғындарына таңғы жаттығу жасаңыздар дегім келеді, – дейді жас спортшы Расул Асхатұлы.