Өскемен аспанындағы ақ түтін қайдан пайда болды?

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 10:26 0

Қала тұрғындары бірнеше күннен бері Өскемен аспанын ақ түтін жапқанын байқаған. Тұрғындардың кейбірі түтіннің зияны болар деп алаңдаған. Түтін әсіресе саябақтар аумағы мен ағашы көп көшелерде менмұндалап тұр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Билік өкілдері болса алаңдауға еш негіз жоқ екенін жеткізген. Өйткені қала ішінде шыбын-шіркейға қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысы бойынша қолға алынған жұмыстар ғылыми қызметкерлердің қадағалауымен іске асуда.

Белгілі болғандай, зиянкестермен күреске Павлодар қаласынан келген мамандар тартылған. Осы ретте павлодарлықтардың бұл салада көп жылдық тәжірибесі бар екенін айту керек.

Ғылыми топтың мүшелері хабарлағандай, саябақтар аумағы химиялық және биологиялық препараттармен өңделеді. Оның ішінде «Штиль» мен «Цигатрин» заттары да бар.

– Бұл заттардың адам мен жануарларға әсері жоқ. Себебі, концентрациялар мұқият есептелген. Алайда, организмдер әртүрлі болады, сондықтан өңдеу кезінде мұндай жұмыстар жүргізіліп жатқан жерге бармаған дұрыс, – деп кеңес береді мамандар.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив