Өскемендегі Абай ескерткіші жаңартылады

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 09:51 0

Облыс орталығындағы Республика алаңында тұрған Абай Құнанбаев ескерткішін жөндеу-реставрациялау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бұл монумент – өңірдің мәдени өмірінде ерекше маңызға ие тарихи мұра. Абай ескерткіші 2009 жылғы 29 тамызда салтанатты түрде ашылған. Оның авторлары – танымал қазақстандық мүсіншілер Ескен Серғебаев пен Бақытжан Әбішев. Мүсін Қазақстан Суретшілер одағының Қарағанды филиалында дайындалды.

Реставрациялық жұмыстар ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойын атап өту аясында жүргізіледі. Жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылып отыр. Мақсат – мәдени мұра нысанын сақтау, оны тиісті күйде ұстау, мерейтойлық шараларды лайықты деңгейде өткізуге жағдай жасау және жұртшылықтың Абай мұрасына деген назарын арттыру.

Жөндеу жұмыстарын облыстық мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі ШҚО мекемесі» КММ ұйымдастырады. Жұмысты атқаратын мердігер – тарихи және мәдени ескерткіштерге ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізуге лицензиясы бар «AGM Service» ЖШС.

Барлық жұмыс 30 шілдеге дейін аяқталуға тиіс.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив