Өскемен тұрғынынан жүздеген электронды темекі тәркіленді


ЖАҢАЛЫҚТАР 25-07-2024, 11:00 0

Полицейлер қала тұрғыны сатуды жоспарлаған тауар гаражда сақталғанын хабарлады. Аталған тауарға елімізде тыйым бар. 

Полицейлер Өскемен қаласының 29 жастағы тұрғынына тиесілі гаражды тінту кезінде әртүрлі маркадағы 250-ге жуық электронды темекі мен басқа да соған қатысты өнімдер тәркіледі. Тергеушілердің айтуынша, қала тұрғыны мұның барлығын курьерлер арқылы сатуды жоспарлаған.

«Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге, қоғамдық жұмыстарға тартылуға немесе түзеу жұмыстарына немесе 50 тәулікке қамауға алынуы мүмкін», - деп хабарлады ШҚО ІІД.

Естеріңізге сала кетсек, 20 маусымнан бастап Қазақстанда темекі өнімдері, электронды тұтыну жүйелері (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымына тыйым салынып, оны таратқан тұлғаларға қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң қабылданған болатын.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив