Полицейлер облыс орталығының тұрғындарынан әлеуметтік желілерде тыйым салынған материалдарды бөліскенін анықтаған. Екі азамат сот экстремистік деп таныған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни кітаптарды смартфондарында сақтап қана қоймай, танымал әлеуметтік желілерде де бөліскен.
«Аталған факті бойынша 28 және 27 жастағы шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот қаулысымен олар аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды», - деп хабарлады ШҚО Ішкі Істер Департаменті
Полиция экстремистік материалдарды сақтау және тарату әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың тізбесімен Құқықтық статистика және Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында танысуға болатынын ескертеміз.