«Абай әлемі» кітаптар топтамасының тұсаукесері Катонқарағайда өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 10:03 0

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында өткен “Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі” халықаралық фестивалі аясында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы “Абай әлемі” кітаптар топтамасының жаңа шығарылымын көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Аталған шара көрнекті жазушылар Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы мен Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылған “Төр Алтай Қалиханы мен Дидахметін жырлайды” поэзия фестивалімен қатар өтті. Шара барысында “Төр Алтайдың әдеби әлемі” атты арнайы кітап көрмесі ұсынылып, оқырмандар назарына өлкелік руханият пен әдебиетке қатысты тың еңбектер жол тартты.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан “Абай әлемі” жобасы – көркем әдебиетті насихаттауға, ұлттық руханиятты өркендетуге бағытталған маңызды жоба. Биылғы топтама қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері — жазушы Қалихан Ысқақ пен қаламгер Дидахмет Әшімханұлының таңдаулы туындыларымен толықты. Сонымен қатар, “Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары” жинағы да оқырманға жол тартты. Бұл еңбекте өңір тарихы мен мәдени мұрасын бейнелейтін халық аңыздары топтастырылған.

Жаңа жинақтардың тұсауын ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш», тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері Иран-Ғайып Оразбаев, белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби   сыйлығының иегері,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облысындағы өкілі Әлібек Қаңтарбаев кесті.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив