Шығыс Қазақстанда металдарды заңсыз өндірген кеншілер ұсталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 25-07-2024, 14:41 0

Самар және Үлкен-Нарын ауданында металдарды заңсыз өндірген кеншілердің екі тобы ұсталды. 

Жеті адамнан тұратын алғашқы топ Самар ауданында  бағалы металдарды заңсыз өндірген. Олар жерді барлау үшін металл іздегіштерді пайдаланған. Кейіннен экскаватормен топырақтың үстіңгі қабатын алып, алтын кесектерін өндірген. 

– Тәртіп сақшылары олардан 6 граммға жуық алтын кесектерін, құрал-жабдықтарды, қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді және жүк тиегішті тәркіледі, - дейді  Полиция департаменті. 

11 адамнан тұратын тағы бір топ Үлкен-Нарын ауданында әрекет еткен. Үлкен-Нарын ауданынан полиция қызметкерлері техникадан бөлек 20 грамнан астам алтын, 6 металл іздегіш пен радиостанция тапты. 

Заң бұзушылар жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу, рұқсатсыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, қаруды заңсыз сақтау және алып жүру сияқты бірнеше бап бойынша жауапқа тартылды. Жер қойнауына келтірілген шығынды анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив