ШҚО-да заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысқандар анықталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 30-07-2024, 13:28 0

Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы барысында өңірде заңсыз фармацевтикалық қызметтер әшкереленген.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттарды рецептсіз беру фактілеріне, сондай-ақ олармен жұмыс  жасау ережелерін бұзуға ерекше назар аударды. Бес күн ішінде полиция қызметкерлері аталған заттарды өз қызметінде пайдаланатын 17 дәріхананы, 6 емдеу мекемесін, 8 кәсіпорын мен ұйымды тексерді.
Құқық қорғау органдары тоғыз әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде екі  медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар есірткі заттарын сақтауда бұзушылықтарға жол берген, оның үстіне  олардың фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензиялары жоқ. Есірткі және психотроптық заттардың 700-ден астам таблеткалары мен ампулалары тәркіленген.
Бұдан бөлек полиция қызметкерлері «Өскемен-Алматы» тасжолында белгіленген ережелерді бұза отырып, 66 тоннадан астам прекурсорларды тасымалдаған жүк көліктерін тоқтатты. Қазір жауапты тұлғаға қатысты шаралар қабылданып, химиялық элементтердің тасымалдануы бұзушылықтар жойылғанға дейін шектелді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив