Жас футболшыларға жаңа форма сыйлады


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 11:56 0

Өскемендегі «Восток» стадионында өткен салтанатты жиында «Алтай-Өскемен» футбол клубының 500 жас ойыншыларына дене шынықтыру және спорт басқармасы жаңа форма және спорттық жабдықтар табыстады.
- Балалар, сендердің міндеттерің - оқу, жаттығу және жақсы нәтижеге жету. Болашақта сендер біздің футбол лигасының ғана емес, Еуропа чемпионы болатындарыңа сенімдімін, - деді ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов.
Айта кету керек, жуырда «Алтай-Өскеменнің» негізгі командасы Шымкентте өткен футбол чемпионатынан жүлделі оралған.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив