Ертең облыс орталығында екі бірдей ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
“Алтай” көтерме және бөлшек сауда орталығының аумағында (Жібек жолы, 44) өтетін жәрмеңкеде Катонқарағай ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады.
Жергілікті өндірушілердің қатысуымен Достық үйінің (Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 68) алдында да жәрмеңке өтеді. Сатылымда сүт, ет, шұжық өнімдері, көкөністер, жемістер және басқа да тауарлар болады.
Жәрмеңкелері сағат 8.00 - ден 15.00-ге дейін жалғасады.