Самар ауданының кейбір тұрғындары тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне жеңілдікті ақы төлейді. Мұндай шешім прокуратура өкілдерінің араласуынан кейін енгізілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskmen
Атап айтсақ, еңбек ардагерлері, мүгедек баласы бар отбасылар, көп балалы аналар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және зейнеткерлер жеңілдікке ие болды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері бұл қызмет үшін мүлде ақы төлемейді.
Жалпы жеңілдікті 4 мыңнан астам адам, аудан халқының 34 пайызы, пайдаланады.
Қазір жеңілдік алуға құжат қабылданып жатыр.