19 сәуірде ШҚО бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
19 сәуірге қараған түні облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, боран, көктайғақ, күндіз ШҚО батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде.
Өскеменде алдағы түнде де, күндіз де қар жауады деп болжануда.
Кейбір аудандарда желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.