Өскеменде жабық футбол стадионы салынады


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 13:44 0

pixabay.com 

Спортшылардың қыс уақытында да жаттығуын жалғастыру үшін жабық стадион салу мәселесі талай рет көтерілген болатын. 

Ақпан айында Қасым-Жомарт Тоқаев Өскеменге іссапармен келген кезде жабық стадион салу жөнінде тапсырма берді. Президенттің тапсырмасы бойынша спорт нысанының жобасы әзірленіп, бекітілді. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановтың сөзінше бұл УЕФА стандарттары бойынша үшінші санаттағы 5000 орындық стадион болады. 

Стадион облыс орталығының жаңа бөлігінде салынады. Ол үшін арнайы бес гектар жер бөлінген. Әзірге стадионның нақты салынатын орны белгісіз. Бірақ жабық алаңнан бөлек тағы да ашық алаң болатыны белгілі болды. 

– Біз топтық чемпиондар лигасын қабылдай аламыз. Ол үшін команданы өсіру керек. Біздің қысқы процесс алты айға дейін созылады, біз дала да қар ерігенше бес ай бойы оқу-жаттығу үдерісінен шығып қаламыз. Ал оқу процесі үздіксіз болуы керек, - дейді Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Айта кету керек, ауырмаудың бірден бір жолы – саламатты өмір салтын ұс­та­ну, спортпен айналысу. Ниет болса, облыс орталығында спортпен айналысуға мүмкіндік мол, орталықтар жеткілікті. Оның екеуі  «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жөндеуден өтті. Бірі Стахановский көшесіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені болса, енді бірі негізгі спорттық шаралар өтетін «Алтай» стадионы. 1959 жылы салынған стадионның кіреберіс қақпасынан бастап ғимаратына дейін толықтай жаңартылды. Стахановский көшесіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені де кірсе-шыққысыз. «Алтай» стадионы – өскемендіктердің қысы-жазы асыға келетін сүйікті орны. Жөнделгеннен кейінгі келбеті едәуір өзгерген.

Асқар Байжігітұлының айтуынша, «АЛТАЙ» ФК жаттықтырушылары да, балалардың тактикалық-техникалық дайындығы да, жеке дара шеберлігі де жақсы. Бірақ ойыншы алты ай бойы үлкен алаңға шығып, қалған уақытта үлкен алаңға шықпаса оның алты ай бойы қалыптасқан дағдылары жоғалады. Содан кейін үлкен алаңға қайта шыққан көптеген спортшылар ұзақ уақыт бойы бейімделе алмайды. Жабық стадион мұндай сәттерді болдырмауға көмектеседі және футболшылардың жыл бойы шеберліктерін жоғалтпай жаттығуына мүмкіндік береді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив