ШҚО әкімдігі 200 млн теңгеге жуық қаржыға жеңіл атлеттер дайындайтын мекеме іздейді


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 15:51 0


ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы жергілікті жеңіл атлеттерді республикалық және халықаралық спорт додаларына дайындап қатыстыру үшін 193 млн теңге бөліп отыр. Бұл жөнінде мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған тендерде жазылған. Тендерді ұтып алатын мекеме спортшыларды жетістіктерге жеткізуі керек.

Сонымен жаттықтырушылар бір жыл ішінде төменде көрсетілгендей көрсеткіштерге қол жеткізуі керек. 

Максималды көрсеткіштер:
- Бір спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алуы керек;
- Республикалық бірыңғай спорттық іс-шаралар күнтізбесінде көрсетілген республикалық және халықаралық спорттық шараларға кемінде 15 спортшының қатысуын қамтамасыз етуі керек.

Минималды көрсеткіштер:
- Бір спортшы Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат атағын алуға тиіс;
- Республикалық бірыңғай спорттық іс-шаралар күнтізбесінде көрсетілген республикалық және халықаралық спорттық шараларға кемінде 10 спортшының қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлетикаспорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүруұзындық пен биіктікке секіруспорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.ҚосановӘ.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив