Самарда жаңа мектептің құрылысы басталды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 14:40 0

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды. Қайта құрылған ауданда салынып жатқан мектеп жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ауыл тұрғындары нысан аумағында уақыт капсуласын салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Аудан орталығынлда бой көтеретін білім ошағы 150 орынға шақталған. Құрылыстың басталу рәсіміне аудан әкімі Серік жеңісов қатысты.

– Нысан құрылысының «Нұр Құрылысы Инвест» ЖШС мен жобалаушысы «Олжапроект» ЖШС. Мердігер мектепті 31 желтоқсанға дейін пайдалануғаи береміз деп жоспарлап отыр. Жаңа мектеп болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік беретіні сөзсіз, – деп жазды Самар ауданы әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Игіліктің істің басына ауыл ақсақалдары жиналып бата берсе, ата-аналар ақ тілектерін айтты.

– Жаңа мектептің салынуы ауданымыз үшін қуанышты жаңалық болып жатыр. Аталған жоба аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асады. Қазір жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау – басты міндет. Ауданымызда жыл сайын бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың да саны артып келеді. Ауыл тұрғындары бұл мектепті шынымен де көптен күтті. Мәселе оң шешімін тауып жатыр, – деді Самар ауданы білім бөлімінің басшысы Руслана Қуатқызы.

Бұл мектепті аудан орталығының тұрғындары көптен бері күткен. Себебі Самар ауылындағы мектептердің бірінің қабырғасы қақырай бастаған соң оқушылар №1 Самар орта мектебінде екі ауысыммен оқуға мәжбүр болған еді. Енді бұл мәселе жыл соңына дейін шешімін таппақ.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив