ШҚТУ шаңырағында наурыз тойы өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 16:00 0

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі. 

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған бұл мерекенің басты мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттап, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. 

Мерекелік бағдарлама барысында халқымыздың бай мұрасы мен өнері жан-жақты көрсетілді: күй тартылып, ән шырқалып, би биленді. Әсіресе, "Шашбау бұрым пати" мен "Бауырсақ пати" сияқты ұлттық нақыштағы көріністер көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Белгілі бір тарихи тұлғаға, атаулы датаға және еңбек саласына арнап киіз үйлер тігілді. «Абай әлемі» киіз үйінде ұлы ақынның рухани мұрасы мен «Толық адам» ілімі таныстырылса, «Батырлар ордасы» отауында Сағадат Нұрмағамбетов пен өзге батырлардың ерліктері насихатталды. «Шабыт ордасы» арқылы Шәмші Қалдаяқовтың саз әлеміне, ал «Батыр қыздың шуағы» арқылы Әлия Молдағұлованың батырлығына тағзым жасалды. Ал еңбекке арналған «Еңбек қуаты» мен «Шеберлер шаңырағы» киіз үйлері – кәсіптік шеберлік пен мамандық мәртебесін айшықтады.  

Бұл мерекелік іс-шара – тек көңілді думан ғана емес, мәдени тәрбие мен рухани жаңғырудың жарқын үлгісі болды. Университет ұжымы мен студенттері бірлесіп, көпұлтты еліміздің бірлігін, татулығын және дәстүрін асқақтата білді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив