Ұлан ауданында музыка мектебі ашылды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 13:00 0

Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде Балалар музыка мектебі ашылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі. 

Салтанатты шараға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. 

Оқу-ағарту министрінің айтуынша, Ұлан ауданында бұл мектептің ашылуы шығармашылыққа бейім балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік туғызады.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өнер ордасының ашылуымен баршаңызды құттықтаймын! Жаңа музыкалық мектептің ашылуы – 500-ден астам балаға домбыра, скрипка, фортепиано, жетіген, шертер, қылқобыз, гитарада ойнауды үйренуге, сондай-ақ хореография, вокал, театр өнері және басқа да шығармашылық бағыттармен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл – дарынды балалар өз қабілеттерін дамытып, шығармашылықпен айналысатын ерекше білім беру мекемесі болмақ, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов. 

Мектептің концерт залы 126 орындық пен ұзындығы 9 метр, биіктігі 4 метр болатын LED-экрандармен жабдықталған. Хореография кабинетінде айналар мен станоктар орнатылған. Одан бөлек, жаңа білім ордасында 14 оқу кабинеті бар.  

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив