ШҚО-дан Париж Олимпиадасына 10 спортшы барады


ЖАҢАЛЫҚТАР 31-07-2024, 10:49 0

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 10 лицензия жеңіп алды. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов айтты.
Асқар Можановтың айтуынша, Олимпиадаға қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталып, Шығыс Қазақстан облысы республикадағы көшбасшылар бестігіне енді. ШҚО Астана, Алматы және Шымкент мегаполистерінен кейінгі екінші орынға шықты. Сондай-ақ, спортшылардың Олимпиадаға сапалы дайындалуын қамтамасыз ету мақсатында жоғары білікті мамандар мен дәрігерлердің келгенін және жүйелі түрде медициналық бақылаулар мен тексерулер жүргізіліп жатқанын да жеткізді.
Айта кету керек, биылғы Олимпиада ойындарында 32 спорт түрінен 306 медаль жиынтығы сарапқа салынып, 200 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Төрт жылдың басты додасына ұлттық құрама 25 спорт түрінен 92 лицензия алды. Парижде ел намысын 80 спортшы қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ресми түрде шақырту келген болатын. 

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алғанын хабарлайды. Халықаралық Олимпиада комитеті ресми құжатты Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне жолдады», делінген хабарламада.

Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасы - Париж қаласында өтеді. 

ған 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы ел намысын қорғайды.

Олимпиадаға қатыстыратын спортшыларының саны жөнінен АҚШ құрамасының алдына түсетін команда жоқ. Ол Ойындарға 592 атлет алып келді. Екінші орында 573 спортшысы бар алаң иелері – Франция құрамасы тұр. Үшінші орынға 460 спортшысы лицензия жеңіп алған Аустралия терме жамағаты шықты. Бұдан әрі «алғашқы ондықты» Германия, Жапония, Қытай, Испания, Италия, Ұлыбритания және Канада толықтырады.

Ал посткеңестік елдер ортасында 140 квота жеңіп алған Украина құрамасы жеке-дара оқ бойы алда топ бастап келеді. Екінші орынға 86 спортшысымен Өзбекстан жайғасты. Ал 80 спортшы апаратын Қазақстан үшінші орынға орналасты.

Ойындарға Ресей мен Беларусь спортшылары ресми жағдайда жіберілген жоқ. Олардың қатысуға рұқсат етілген атлеттерінің өзі бейтарап ту астында сайысқа түседі.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив