Шығыс Қазақстан облысында кене шаққаннан кейін ауруханаға жүгінгендер саны күрт өсті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
16 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың эндемиялық аймақтарындағы медициналық ұйымдарына кене шағу бойынша медициналық көмекке 360 адам жүгінді, олардың 31%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.
ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, аурудың алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді зардап шеккен 92% адам алды. Қалған 8% (30 адам) түрлі себептерге байланысты серопрофилактикамен қамтылмады: 12 адам медициналық көмекке тым кеш жүгінген, 4 адам жеке себептері бойынша бас тартқан, 2 адам бұрын вакцина алған, 12 адамды кене эндемиялық аумаққа жатпайтын елді мекенде жүргенде шаққан.
Естеріңізге сала кетейік, эндемиялық аумақтарға Глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха, Үлкен Нарын, Алтай, Самар аудандары, Риддер мен Өскемен қалаларының маңайы жатады.