Өскеменде Қанипа Бітібаеваның 80 жылдық мерейтойына орай конференция өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 18:00 0

Бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қанипа Бітібаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі. 

Қанипа Бітібаева тек ұстаз ғана емес, педагогика ғылымына үлкен үлес қосқан ғалым. Ол Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің шығармаларын оқыту бойынша алғашқы әдістемелік құралдарды жазған тұлға. 

Ол 40-тан астам кітап, 100-ден аса ғылыми мақала мен дидактикалық материалдардың авторы. Бүгінде жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Әдебиетті оқыту әдістемесі» атты кітабы үлкен сұранысқа ие. 

– Қанипа Бітібаева бірқатар педагогтерді тәрбиелеп шығарды. Оның оқыту әдістемесін көптеген мұғалімдер өз тәжірибесіне енгізді, – деді ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Қанипа Бітібаева еңбек еткен гимназия 18 миллион теңгеге зертханалық жабдықтармен жабдықталатын болады. 

Сондай-ақ, жиын барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қанипа Бітібаеваның ісін жалғастырып жүрген педагогтерді атап өтті. Шынар Қапантайқызы, Құралай Жәкенова, Айжан Қартаева «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағына ие болды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив