ШҚО-да ескі австриялық жолға уақытша өткел орнатылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 12:38 0

Қираған көпірдің орнына уақытша өткел орнатылды. Алдағы уақытта қираған көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

«Жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен ескі австриялық жолға уақытша көпір орнатылды. Алдағы уақытта қираған көпірді қалпына келтіру жоспарланып жатыр», - деп хабарлады Катонқарағай ауданының әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, осы жолмен келе жатқан көлік жүргізушісі өзен үстіндегі көпірдің қирағанын анықтап, видео жариялау арқылы басқа жолаушыларға ескерту жасаған болатын. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәселені қарастырып, көпірді жақын арада жөндеуді тапсырды

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив