Катонқарағайдың Ирек асуындағы көпірді жөндеу жұмыстары басталып кетті


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-08-2024, 14:20 0

Катонқарағай өңірінде ескі Австрия жолының бойында орналасқан көпірде жөндеу жұмыстары басталды. Осыған дейін аудан әкімдігі дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Бүгінгі таңда қажетті материалдар жеткізіліп, жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Негізінен бұл нысан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ШҚО бойынша департаментінің балансында есепке алынған. 

Айта кетейік, Күршім және Катонқарағай аудандары арасындағы байланысты жақсарту үшін I дүниежүзілік соғыстың австриялық әскери тұтқындары 1914-1916 ескі соқпақты кеңейтіп жол салып шыққан. Осыдан кейін халық арасында жолды "Ескі австриялық жол" деп атап кетсе керек. Бүгінде бұл әлемнің түкпір түкпірінен туристер келетін ерекше орындардың біріне айналған.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив