Ескі Аустрия жолындағы көпір екі апта ішінде жөнделетін болды


ЖАҢАЛЫҚТАР 3-07-2024, 15:54 0

Катонқарағай ауданындағы тозығы жеткен көпір құлап, туристер одан өте алмай жүр. Марқакөл мен Катонқарағайды жалғайтын жолдағы бұл көпірді сел алып кеткен. Көпірді жөндеуді Катонқарағай ауданы әкімдігі қолға алды. Қираған көпір екі апта көлемінде жөнделеді деп хабарлады әкімдік.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиында облыс әкімі Ермек Көшербаев туристер үшін бұл көпірдің маңызы зор дегенді айтты. Бірақ көпір орналасқан жер шекара қызметінің қарамағында болғандықтан оны жөндеуге қаражат жоқ.

Катонқарағай ауданының әкіміне екі апта ішінде осы мәселемен айналысып, көпірді шаруашылық әдістермен жөндеуді, сондай-ақ алдағы уақытта оның жағдайын қадағалауды тапсырылды. 

– Ескі Аустрия жолында орналасқан көпірді жөндеу жұмыстары қолға алынды. Биылғы жылғы көктемгі селдің салдарынан көпір сынып, істен шыққан болатын. Негізінен бұл нысан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің балансында есепке алынған. Дегенмен аудан әкімшілігінің көмегімен және қаражатымен көпір алдағы уақытта жөнделеді, - дейді Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Расул Қарабалинов.


Ақмарал Мұхтарбекова

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив