5 қаңтар, жексенбінің демалысы 3 қаңтар, жұмаға ауыстырылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.
– Аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болады, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.