Өскеменде Үлбі жағалауында жаңа жылдық пойыз пайда болады


ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 19:30 0

Қала әкімдігі жаңа жыл мерекесіне дайындықты бастады. Облыс орталығындағы жаңа жыл мерекесіне безендіру жұмыстары 17 желтоқсанда басталады.

Жаңа жыл мерекесіне орай Қазақстан көшесі, Назарбаев даңғылы, Комендантка өзенінің арнасы, Металлург саябағы, Арбат, Өскемен аллеясы т.б. көшелер безендірілмек.  

Мердігер ұйымдар жаңа жылдық безендіруге дайындықты бастап кетті. Көп жерлерде өткен жылдардан сақталған инсталляциялар мен гирляндалар қолданылады, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. 

Мерекенің басты символы орталық алаңдағы Шырша болады. Ол түрлі  ұлттық ою-өрнек безендіріледі. Биыл шыршаға ілетін әшекейлердің көлемі артады. Алаңда фотоаймақ орнатылып, субұрқақ маңы былтырғыдағыдай безендірілмек.

Үлбі жағалауы түрлі әшекейлермен безендіріліп, жағалаудың ортасына жаңа жылдық әшекейлермен безендірілген пойыз орнатылмақ. 

Биыл Ушанов алаңындағы шыршаларда безендірілетін болады. 

17 желтоқсанда барлық әшекейді орнатып, безендіруге үлгеру үшін қазір барлығын жасап жатырмыз, - деді қала әкімі Жақсылық Омар. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив