21 қараша күні Назарбаев даңғылы, 93 мекенжайындағы инженерлік желілерде ақау шығып, су құбыры жарылды. Соның салдарынан сағат 10:00-ден бастап Прохладный шағын ауданы суық сусыз қалды.
Тұрғындар қалпына келтіру жұмыстары аяқталмайынша сусыз отыруға мәжбүр. Нақты айтқанда, Бажов көшесі № 331, 331/1, 331/2, 331/4, 331/5, 333, 333/2, 333/4, 333/6, 339, 343/1, 343, 345/1, 347, 343/3, 339/2, 345/2, 333/3, 333/5, 345/3, 331/3, 345 үйлерде, №27 мектепте де суық су өшірілді.
«Өскемен Водоканал» кәсіпорнының мәліметінше, қазір құбыр жарылған жерде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға ауызсу тасу жұмыстары да жүргізіледі.