ШҚО-да «Аңсаған сәби-2024» бағдарламасы аясында тұңғыш нәресте дүниеге келді


ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 17:30 0

Салмағы 3050 грамм және бойы 48 сантиметр болатын нәресте 20 қарашада дүниеге келді. Сәбидің ата-анасы үш жыл бойы бедеулікпен есепте тұрған, консервативті ем жүргізіп ешқандай нәтиже болмаған соң, олар көмекші репродуктивті технологияның көмегіне және экстракорпоральды ұрықтандыру әдісіне жүгініп балалы болды. 

2024 жылы Шығыс Қазақстан облысында Аңсаған сәби бағдарламасы бойынша экстракорпоральды ұрықтандыруға 252 квота бөлінді. Жаңа туған нәресте биыл осы бағдарламаның арқасында дүниеге келген алғашқы сәби, - дейді облыстың бас репродуктологы Надира Слямханова. 

Сондай-ақ, репродуктолог бағдарлама келесі жылы да жалғасатынын атап өтті. Бұл балалы болғысы келетін ерлі-зайыптылар үшін үлкен мүмкіндік.  


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив