"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" пойыз билеттеріне жеңілдік жариялады. Бұл туралы Қазақстан темір жолының баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Жеңілдіктер тек 31 желтоқсанда қатынайтын пойыздарға қолданылады. Билеттерді жеңілдікпен 1 желтоқсанға дейін сатып алуға болады. 25% жеңілдік тек купе вагондарына арналған билеттерге қолданылады, - делінген хабарламада.
Келесі бағыттарға билеттердің бағасы 25% жеңілдікпен ұсынылады:
№26 «Шымкент–Алматы»
№86 «Шымкент–Астана»
№12 «Шымкент–Алматы-2»
№77/78 «Алматы–Маңғыстау»
№47 «Астана–Атырау»
№691/692 «Атырау–Ақтөбе»
№313 «Маңғыстау–Атырау»
№605/606 «Балқаш–Қарағанды»
№351/352 «Алматы-2–Өскемен-1»
№34 «Ақтөбе–Алматы-1»