22 және 23 қараша күндері Өскемен қаласында «Туған жер - алтын бесігім» жобасы аясында Шемонаиха ауданының мәдени күндері өтеді.
22 қараша күні Протозанов көшесі, 43 мекенжайындағы облыстық филармония ғимаратында Шнитке атындағы Саратов филармониясының солисті Андрей Медведевтің, «Юность» және «FREEZE LIGHT» үлгілі хореографиялық ұжымдарының, «Жұлдыздар» вокалдық тобы, республикалық байқауларының жүлдегері «Децима» вокалдық тобының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылады.
23 қараша күні сағат 08:00-де «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Палау, ыстық бауырсақ, тоқаш, ыстық шай, қымыз және ауыл шаруашылығы өнімдері тегін таратылады.
Сағат 09:30-да Шемонаиха ауданының әртістерінің концерті, сағат 10:00-де спорттық жарыстар өтеді.