Өскемендегі “Шанхайдың” тұрғындары: асфальт жолға да жеттік-ау


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 16:26 0

«Гостиный двор» сауда кешенінің артында орналасқан Первомайская көшесіне асфальт төселді. Бұрын қытай базары сол жерде болған.


Бұл жұмыстар Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омармен кездесу барысында айтқан тұрғындардың өтініші бойынша жүргізілді.


- Бұрын бұл жерде қиыршық тастар жататын, - дейді Первомайская көшесінің тұрғыны Татьяна. - Міне, енді асфальт төселіп, бәріміз қуанып жатырмыз. Барлық жұмыстар өте тез аяқталды.


Әкімдіктің мәліметінше, қаланың дәл осы ауданында 2-Невская және 3-Невская көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив