Президент Пасха мерекесімен құттықтады

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 10:00 0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқеав елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады.
- Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор, - деді Президент.
Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады.
- Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін - деді құттықтау сөзінде.
Мемлекет басшысы еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тіледі

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив