Маралды ауылында биыл қандай өзгерістер болады?


ЖАҢАЛЫҚТАР / МАҢЫЗДЫ / АУДАНДАР / Басты 14-05-2024, 11:06 0

 Күршім ауданындағы Маралды ауылының көшелеріне асфальт төселіп жатыр. Барлығы үш шақырымға жуық ауылішілік жол асфальтталады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен Маралды ауылын абаттандыру, жарықтандыру, ауызсу тарту және жолдарды жөндеу жұмыстары қолға алынған.

«Қазіргі уақытта 300 метрге жуық жолға асфальт төселді. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр», – дейді «ОблШығысЖол» ЖШС өкілі Бағлан Ұябаев.

Маралдыны бұдан бөлек бірқатар өзгеріс күтіп тұр. Аталмыш елді мекен мен аудан орталығын байланыстыратын 75 шақырым жолдың 12,5 шақырымына асфальт төселген. Биыл Жол жылы аясында тағы 15 шақырымы асфальтталады


daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив