Сана Анарқұлова Сербияда ойнайтын болды


ЖАҢАЛЫҚТАР 29-07-2024, 15:47 0

Қазақстан әйелдер құрамасының волейболшысы, 34 жастағы Сана Анарқұлова Сербияның «Уб» клубына ауысу туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
«Түркістанның «Тұран» сапында ел чемпионы атанған Анарқұлова карьерасын сербиялық «Уб» сапында жалғастырады. Сананың болашақ клубы өткен маусымда тұрақты чемпионатта он екі команданың арасынан бесінші орын алған», - делінген insvolley.kz мәліметінде.

Ақпаратқа сүйенсек, Сана Анарқұлова маусымды Қазақстанда аяқтайды. Жаңа командасына қазан айында өтетін клубтық Азия чемпионаты кезінде ауыспақ.

Айта кетейік, Сана Анарқұлова өскемендік «Алтай» клубында да өнер көрсеткен. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив