Өскеменде садақ атудан республика чемпионаты өтеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-07-2024, 14:16 0


4-7 шілде аралығында жастар арасында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. 

Ұйымдастырушылар - Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, «Sadaq Aty» республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы және «Oskemen sadaq atu» дәстүрлі садақ ату федерациясы. 

Әйгілі «Восток» стадионында өтетін чемпионатқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 7-9, 10-12, 13-15, 16-17 жас аралығындағы 300-ге жуық спортшы қатысады.

Чемпионаттың ашылу салтанаты 4 шілдеде сағат 11:00-де, жабылу салтанаты 7 шілдеде сағат 17:00-де болады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив