Бүгін Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді.
Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту туралы нұсқау Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында айтылған.
Президент қол қойған заң әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершілікті күшейтетін нормаларды енгізеді.
Сондай-ақ бұл заң отбасы институтын және кәмелетке толмаған жастардың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.