Өскеменде жаңа мектепке оқушыларды қабылдау жүргізіледі


ЖАҢАЛЫҚТАР 31-07-2024, 11:19 0

Биыл «Нұрлы жол» шағын ауданындағы мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. 600 орындық білім ошағы Базовая көшесінде салынып жатыр. Мекеме қаладағы 50-ші мектеп болады.

«Осыған байланысты 2024 - 2025 оқу жылына мемлекеттік тілде оқытатын 0-11 сыныптарға оқушыларды алдын ала қабылдау жүргізілуде», - деп хабарлады Өскемен қаласының білім бөлімі.

Толық ақпаратты Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 156 мекенжайы бойынша немесе +7-777-391-79-98 телефоны бойынша (сағат 17:00-ге дейін) алуға болады

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив