«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығында салынып жатқан үш мектептің бірі желтоқсанда қолданысқа беріледі. Ол Есенберлин даңғылы бойында орналасқан, деп хабарлайды Altainews kz.
Есенберлин даңғылындағы 31/1 мекенжайында орналасқан үйдің жанынан салынып жатқан 600 орындық мектеп үш қабатты болады.
Облыста 2025 жылдың аяғына дейін «Жайлы мектеп» жобасы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен жалпы құны 34,7 млрд теңге болатын 4 200 орындық 10 мектеп салынады.
Он мектептің бесеуі Өскемен қаласында, үшеуі Глубокое ауданында, Шемонайха мен Риддер қаласында салынады.
Құрылысы былтыр басталған жеті мектеп жыл соңына дейін салынып бітуге тиіс. Соның ішінде биыл Өскеменнің Есенберлин даңғылындағы мектеппен қоса тағы екі жайлы мектеп салынып, пайдалануға берілмек.