Белгілі каскадер Өскеменде тұратын ат бапкерін қонаққа шақырды


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 25-06-2024, 11:38 0

Өскеменде жергілікті креативті индустрия өкілдері каскадер, актер Жайдарбек Күнғожиновпен кездесті. Ол "Nomad Stunts" халықаралық кәсіби каскадерлер тобының негізін қалаушы және жетекшісі екені белгілі.

Голливуд каскадері облыстың табиғаты "Сақиналар әміршісі" фильмі түсірілген Жаңа Зеланидияға ұқсайды дегенді айтты. Оның ойынша, бұл жерге шетелдік режиссерлерді тартуға болады.

“Бұл жерге бүкіл әлемнің назарын бұру үшін әлеуметтік желіге видеоларды көбірек салу керек”, деді ол.

Сондай-ақ, Жайдарбек өскемендік "Horse club Den" ат клубының иесі Александра Денмен кездесті. Алдағы уақытта Александра "Nomad Stunts" командасына қонаққа баратын болды. 

- Жаңа нәрсе үйренгім келеді. Тәжірибе жинап, түрлі қимыл істей алатын аттар дайындасам деген ниетім бар, - деді Александра.

Егер бәрі ойдағыдай болса, онда Өскеменде жасөспірімдерге арналған лагерь пайда болуы мүмкін, онда балаларға каскадерлік шеберлік пен ат үстінде керемет трюктар жасау үйретіледі.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар