Тек бас дәрігерлер қызмет көрсетеді. Қашан?

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 15:00 0

Өңірдегі медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері тұрғындарды аптасына екі рет жеке қабылдайтын болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Бас дәрігерлер пациенттерге облыстық денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында сейсенбі және бейсенбі күндері қызмет көрсетеді.

Қабылдауға жазылу жолдары:

– Электрондық үкімет порталы арқылы;

– Телефон арқылы: +7 (7232) 71 11 21;

– WhatsApp арқылы: +7 (708) 729 49 39.

Денсаулық сақтау басқармасының мекенжайы: Қазыбек би көшесі,11. 

Сондай-ақ білікті мамандар шалғай елді мекен тұрғындарына бейнеқоңырау арқылы да кеңес береді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысқандар, ерекше қажеттілігі бар азаматтар, жүкті әйелдер және көп балалы аналар кезектен тыс қабылданады. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив