Жуалыда Бауыржан Момышұлының ескерткіш тақтасы ашылды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 16:42 0

Бауыржан Момышұлының туған жері Жуалыда батырдың даңқын әйгілеген ескерткіш тақта ашылды.

Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай осындай игі шаруа атқарылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов қатысып, Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктерін еске алып, оның прокурорлық қызметін атап өтті.

Сонымен қатар, прокуратура ғимаратында батырдың өмір жолын және майдандағы ерліктерін баяндаған естелік бұрышы ашылды. Бұл іс-шара құқықтық тәртіп пен патриотизмнің символы болып, прокуратура қызметкерлері үшін үлкен жауапкершілік пен құрмет болып табылады.

Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген сөзі бүгінгі күнде де әр азамат үшін бағдаршамдай жарқырап тұр. 

Осы күннің екінші бөлігі Тараз қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымызға арналған ескерткіш тақтаның ашылуымен жалғасты. Мұнда Бауыржан Момышұлы мен соғыстың қиын жылдарында құқықтық тәртіпті сақтауға үлес қосқан прокурорлардың есімдері мәңгілікке қалды. Батырлардың қайсарлығы мен қызметке адалдығы бүгінгі ұрпаққа үлгі болып қала береді.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив